Маңғыстау облысының жаңа әкімі тағайындалды

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі болып Бауыржан Мұхамеджанов тағайындалды.
None
None

Бауыржан Мұхамеджанов 1960 жылдың 26 қарашасында дүниеге келді, ұлты қазақ. Білімі жоғары. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. Заң ғылымдарының докторы.

Жоғарғы Кеңес төрағасының хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің заңнама, құқықтық сараптама және талдау бөлімінің меңгерушісі, Президент Аппараты мен Министрлер кабинетінің заңнама бөлімі меңгерушісі, Президент Әкімшілігінң заңнама және сот жүйесі бөлімінің меңгерушісі, Әділет министрі, Премьер-Министрдің орынбасары, Президент Әкімшілігі Жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып жұмыс істеген.

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитеттің мүшесі болып табылады.

ІІІ, ІІ дәрежелі «Парасат», «Барыс» ордендерімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, үш медалімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар