Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Шетпе стансасындағы оқиғалардың хронологиясы

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Шетпе стансасында орын алған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 14 адам қаза тауып, 80-нен астам адам зардап шекті.
None
None

Ағымдағы жылдың 16 желтоқсанындағы Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер барысында 46 нысан тоналып, өртеді. Олардың қатарында «Халық банкі» мен «Альянс банкінің» филиалы, 20 дүкен, екі кафе, бір нотариус кеңсесі, екі ломбард, Жаңаөзен қалалық әкімдігі мен Теңге кенті әкімдігінің ғимараты, бір фотосалон, полицияның екі бекеті, «Ару ана» қонақ үйі, «Өзенмұнайгаз» компаниясының ғимараты, үш жекеменшік үй, 20-дан астам автокөлік, «Өзенмұнайгаз» компаниясының директоры К.Ешмановтың үйі бар.

17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай енгізді. Өңірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың басшылығымен жедел-тергеу тобы және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бастаған үкіметтік комиссия жұмыс істеуде. Қоғамдық тәртіпті орнату мақсатында 19 бақылау-өткізу бекеті құрылды, соның ішінде 7-і - қалаға кіре берісте.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде желтоқсанның 16-ынан 17-іне қараған түні жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен талаушылардың 70-сі ұсталды, олардың 8-і қамауға алынды. 18 желтоқсан күнгі таңға коменданттық сағатты бұзғаны үшін тағы да 60-қа жуық адам ұсталды.

17 желтоқсандағы Шетпе бекетіндегі оқиғаларға қатысты. 13 сағат 24 минутта (жергілікті уақытпен) Маңғыстау облысында орналасқан Шетпе темір жол стансасында адамдар тобымен Маңғышлақ-Ақтөбе қатынасындағы №309 жолаушылар пойызының қозғалысы бөгелді. Шамамен 50-ге жуық адам жүк пойызының тепловозын өртеп жіберген, вагондарға жанғыш қоспалары бар бөтелкелер лақтырған. Осы сәтте кент тарапындағы вокзал маңындағы алаңнан тағы 150-200 адам келген. Ішкі істер органдарының 5 қызметкері әртүрлі дене жарақаттарын және күйіктерін алды.

Бұзақылық жасаушы топтан зардап шеккендердің 12-нің 8-і аяқтарынан жарақаттанған, 5 адам медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды, 6-ы ауруханаға жатқызылды, 1-і қайтыс болды.

17 желтоқсан күні 22 сағат 20 минутта Сайөтес бекетінде темір жол жұмысшыларына шабуыл жасалды. Желтоқсанның 17-нен 18-іне қараған түнде бұзақ топ Өзен-Жетібай, Шетпе-№13 разъезд өткелдеріне шабуыл жасалды. Қазіргі уақытта аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен 4 адам ұсталды.

Соңғы жаңалықтар