Маңғыстау өңірі - қуатты транзиттік әлеуетке ие

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда Маң­ғыс­тау облысы әкімдігі және «Атамекен» ҰКП қолдауымен «Маң­ғыстау облысының ин­вести­циялық әлеуетін дамыту» тақырыбында инвестициялық кездесу өтті.
None
None

60-тан астам қа­зақстандық бизнес өкілдері, бан­кирлер, әлеуетті инвесторлар, халықаралық және қазақстандық мұнай компанияларының басшылары, құрал-жабдықтар өндірушілер, қызмет көр­сету ком­панияларының, инвес­ти­циялық қорлардың өкілдері, биз­нестің негізін салушылар мен иелері қатысқан еркін фор­маттағы басқосуда Маң­­ғыстау облысының ин­вестициялық әлеуетін дамыту, жаңа инновациялық, озық өндіріс орындары мен жо­ба­лар жасақтау, сондай-ақ ай­мақ экономикасының ба­сқа сек­торларындағы жаңа инвес­ти­циялық мүмкіндіктерді анық­тау негізгі ұстаным болды. 

Жуырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ай­маққа жұмыс сапарымен келіп, облыс алдына нақты міндеттер, ең алдымен аймақ экономикасының оң өсімін қамтамасыз ету мәсе­лесін қойғанын атап көрсетті Маң­ғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

- Ол үшін бізде барлық жағдай бар. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында бірнеше артықшылықтар мен жеңілдіктер қарастырылған. Осы жылдан бастап қажетті инфра­құрылымдарымен қамтамасыз етілген Индустриялық аймақ құ­рылды. Аймақтық индус­трия­ландыру картасының жо­­балары мен жалпы сомасы 432,3 млрд теңгеден астам «Нұр­лы жол» бағдарламасының инфра­құрылымдық жобалары жүзеге асырылуда, - деді ол.

Маңғыстау өңірі - қуатты транзиттік әлеуетке ие. Бұл облыс аумағында көліктік-логис­тикалық хабты дамытуды бас­­ты басымдық етуге мүм­кін­дік береді. «Арқалық-Шұ­бар­көл», «Жезқазған-Бейнеу» жә­не «Боржақты-Ерсай» темір жол желілерін пайдалануға бе­ру, «Қорғас-Шығыс қақпа­ла­ры» және «Ақтау теңіз порты» АЭА өзара тығыз іс-әре­ке­тінің арқасында Еуропа, Иран және Парсы шығанағы ел­дері бағытында Маңғыстау арқы­лы Қытайдан Қазақстанға жүк­терді тасымалдаудың жа­ңа ло­гистикалық тізбегі жасақталуда. Маңғыстауда су мәселесі - көне мәселе. Оны шешудің бір­ден-бір жолы теңіз суын тұшы­тып пайдалану болмақ. Жыл сайынғы халық санының өсуі, индустрия­лы, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы жылдан-жылға су тапшылығының арта түсуіне соқтыруда. Аймақтың даму қар­қынын есепке алып болжам жасағанда су қажеттілігі 2020 жылға қарай шамамен тәулігіне 70 мың текше метрге жетеді делінеді.

Қазіргі таңда мәселені шешу үшін шет ел инвесторларынан теңіз суын тұшыту бойын­ша жобаны жүзеге асырудың анықталған мерзімі көрсетілген нақты ұсы­ныстар бар. Егер аймақта су мәселесі шешілсе, бұл талай игі­ліктің жүзеге асуына жол ашпақ. Мысалы, су көлемін арттыра отырып, аймақта агро­өнеркәсіп кешенін дамыту алдыңғы кезекте айтылады. Ай­мақта бүгінде агроөнеркәсіп кешені бойынша 34 млрд теңге сомасына 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, ал туристік сала бойын­ша әзірге негізгі үш бағыт басымдыққа ие. Біріншісі ішкі туризм, демалыс орындары мен теңіз жағалауы инфрақұрылымының құрылысы, соның ішінде Ақтау қаласының жағалауын дамыту болса, екін­шісі - Каспий жа­ға­лауындағы мем­­лекеттер арасындағы ха­лық­аралық қа­тынастар мүмкіндіктерімен теңіз жаға­лауындағы яхт-клубтарды дамыту. Бұл мақсатта Ақтаудың солтүстік жағалау аймағын зерттеу шаралары жүргізіліп, Ақтау қаласының бас жоспары аясында осы аумақта жер бөлу мәселесі қарастырылуда.

Ал үшінші бағыт - «Кендірлі» және «Ащы­сор» терең сулы шыға­нағы секілді ірі жобалар арқылы халықаралық ту­ризмді дамыту. Каспий теңізінде қолға алынып жатқан ірі жобалар Маң­ғыстаудың мүмкіндігін аша түседі. Теңізден көмірсутегі ши­кізатын өндіруге қатысты теңіз операциялары үшін мұ­най-сер­вистік қызмет көрсету Маң­ғыстау даласынан жүзеге асырылады. Сол себепті теңіз порттарын кеңейту мен дамыту жұмыстары барынша маңызды.

Аймақтың ин­вес­тициялық әлеуеті негізін­де 11 қазақстандық биз­нес-қо­ғамдастық өкілдері Маңғыстау облысы үшін нақты инвестициялық ұсыныстарын жеткізді. Нақты жұмыс алаңына ай­налып, мазмұнды жобалар мен ұсыныстар айтылған ке­ңес нәтижесінде аймақтың эко­но­микалық даму бағыттарын ай­қындайтын жаңа идеялар ор­талығына айналуы тиіс «Каспий» технологиялық даму орталығы» құрылатын болды. Сондай-ақ, жүлде қоры қомақты «Үздік ин­новациялық жоба», «Үздік отбасы бизнесі», «Үздік жасыл аймақ», «Технологияны дамыту бойынша үздік меценат», «Үздік тағам» және тағы басқа сайыс­тар ұйымдастырылмақ.

Өңірде теңіз, құрылыс, агроөнеркәсіп, туризм және технологиялық салаларда мамандар тапшы. Е.Тоғжанов тиісті қызметкерлерге аймаққа қажетті мамандықтар бойынша Қазақстанның және ТМД елдерінің үздік жоғары оқу орындарына жас­тар мен дарынды түлектерге 50 грант тағайындау туралы тапсырма берді. Инвестиция тартуға арналған жиын ірі қазақстандық компаниялар мен қауымдастықтар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен түйінделді.

 

Соңғы жаңалықтар