Маңғыстау республикалық бюджеттен автокөлік жолдарын салуға ең көп қаржы бөлінген облыстардың қатарында

АҚТАУ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Былтыр Маңғыстау облысындағы автокөлік жолдарын салуға республикалық бюджеттен 1 264 413 мың теңге бөлінген. Ал жөндеу жұмыстарына 1638 млн. теңге қаржы бағытталған,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап. «Күннен-күнге облыстағы көлік жолдарының барлық түрлеріне деген сұраныс артып келеді. Өйткені батыс облыстарының ішінде Маңғыстауға бүкіл жүк айналымының 40 пайызы тиесілі. Сондықтан бүгінде көлік жолдарының құрылысы ғана емес, жалпы өңірдегі көліктік инфрақұрылым саласы да дамытылуда. Мәселен, ірі жобалар қазіргі әуежайға қоса «Кендірлі» халықаралық әуежайын, «Бейнеу-Шалқар» теміржолын, Жаңаөзеннен Түрікменстан шекарасына дейін де шойынжол салу т.б жұмыстар бар»,-дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Аманғали Шамшадин. Өткен жылы Ақтау-Қаламқас тасжолын жөндеуге инвесторлар 420 млн. теңге жұмсаған. Ақтау-Құйылыс, Жетібай-Қарамандыбас-Жаңаөзен тасжолдарына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады. Сондай?ақ Форт-Шевченко?Таушық, Қызылсай-Шопаната-Оғланды тас жолдарын салу жұмыстары қолға алынды. Осы жылы басталған істер ойдағыдай аяқталса, тозығы жеткен автокөлік жолдары туралы мәселе де шешімін таппақ, дейді мамандар.
Соңғы жаңалықтар