13:14, 07 Шілде 2009 | GMT +5
Маңғыстау шекарашылары газ баллонына жасырылған 15 килограмм героинды тапты
АҚТАУ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова / - ҚР ҰҚК ШҚ "Батыс" аймақтық басқармасының шекарашылары Қазақстанның оңтүстігінен Ресейге бағыт алған «Нива» автокөлігін жіті тексеру кезінде 15 килограмм героин тапты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Автокөлік ішіндегі газ баллонының жаңадан дәнекерленген ізі күмән туғызғандықтан, шекарашылар баллонды кесіп тексерген. Нәтижесінде 81 полиэтилен пакеті табылды. Анықтау барысында, мұқият оралған сұр түсті ұнтақ 15 килограмм героин болып шықты.
Жүргізуші, құжаты бойынша ҚР азаматы, Ішкі істер органына тапсырылып, пакеттер сараптамаға жөнелтілді.