Маңғыстау темір жолында 30 тонна жанар-жағар май ұрламақ болған 3 адам қолға түсті

АҚТАУ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Маңғыстаудағы темір жол күзеттерінің бірінде 30 тонна жанармай ұрламақ болған 3 адам қолға түсті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өздері де теміржол саласында жұмыс істейтін олар  2 вагон жанар-жағар майды сатып пайда таппақ болған.

«Шұғыла» темір жол күзетіндегі вагон цистерналардың пломбасы үзіліп келгені  күдік тудырып, өзге қызметкерлер бұл туралы Ақтау желілік ішкі істер бөліміне хабарлайды.

Бұдан соң тергеу тобы құрылып, олар тергеу барысында вагондардың іші бос екенін анықтайды.

Ақтау желілік ішкі істер бөлімінің бастығы Балабай Жүгінісовтің айтуынша, жедел іздестіру шаралары кезінде вагондарды қылмысты ұйымдастырушылар өздеріне ыңғайлы басқа жерге апарып, ондағы майды құйып алғаны мәлім болды.

Бұл жыл басталғалы жанар-жағармайды ұрлаудың алғашқы оқиғасы.

«Қазмұнайгаз» кәсіпорынына тиесілі жанар-жағармайды ұрлаушылардың кесірінен 2 миллион жарым теңгенің шығыны келді. Қазір күдіктілердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 175 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүруде.

Осы айда теміржолда ұрлау фактілері бойынша  Маңғыстау стансасына әкеле жатқан біреудің меншігіндегі құбырларды Сайөтес стансасы тұсында жымқырып, пайдасына жаратқан 2 адам қолға түсті. Олар вагондардағы 15 құбырды ұрлап, сатып жіберген.

Соңғы жаңалықтар