Маңғыстау теміржол бөлімшесі «Абайла, балалар!» айлығын өткізуде

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Маусым айында басталған айлықты өткізудегі негізгі мақсат - жазғы демалыста жүрген оқушылардың теміржолдағы қауіпсіздігіне ата-аналардың, тиісті орындардың, жалпы қоғамның назарын аудару.
Өйткені, биылғы жылы елімізде балаларды пойыз қағып кету оқиғалары жиілеп отыр. Өткен сәуір, мамыр айларының өзінде осындай үш оқиға тіркелген. Осы оқиғадан кейін «ҚазақстанТемірЖолы» ҰК» басшылығы жолдағы қауіпсіздік мәселесі бойынша кешенді іс-шара бағдарламасын қабылдап, бүкіл республика бойынша айлық өткізуде.
Осы үш айлық аясында компанияға қарасты барлық тасымал дирекцияларының техника және өндіріс бөлімшелерінің қызметкерлері көлік прокуратурасымен және желілік ішкі істер бөлімшелерімен бірігіп рейд ұйымдастыруда.