Маңғыстау тұрғыны итаюды видеоға түсіріп алды
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстаулық тұрғын әлеуметтік желіге итаюдың көліктен қашып бара жатқан видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Желідегі бейнеге қатысты Үстірт табиғи мемлекеттік қорығы басшысының міндетін атқарушы Жасқайрат Нұрмұхамбетов пікір білдірді.
«Итаю аңының таралу ареалы - Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Иран және Африка аумағы. Қазақстанда тек Маңғыстау облысында мекендейді. Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануар. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында кездеседі және қорғалады. Бейнеде Маңғыстаудың нақты қай жерде түсірілгені белгісіз», - дейді Жасқайрат Нұрмұхамбетов.
Итаю - сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.
Үстіртте бірен-сараң кездеседі. 1983 жылдан бастап 10-15 аң есепке алынған. Қазақстандағы саны бірнеше ондықтан аспауы мүмкін.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фото: inaturalist.org