Маңғыстауда 1,8 тонна бекіре тәркіленді
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Экологиялық полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы Аташ ауылындағы тұрғынның үйінен ірі көлемде бекіре тұқымдас балық тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің үйіндегі гаражды тексеру барысында, үш тоңазытқыштан заңсыз сақталған жалпы салмағы 715 келі болатын бекіре тұқымдас балық тәркіленген. Күдікті балықты аулап, сатумен айналысып жүргенін мойындады.
Сондай-ақ, Приозерный елдімекенінде, Газель автокөлігінің жүк салғышынан 310 дана, яғни 1 156 келіге жуық заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балық табылды.
Екі факті бойынша тәркіленген 1 871 келі бекіре мемлекетке қайтарылды. Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Фото: rostovgazeta.ru