Маңғыстауда 16 мың бала мектеп табалдырығын аттайды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жаңа 2017-2018 оқу жылында 16 мың бала бірінші сыныпқа барады. Былтырғы оқу жылы да осынша бала мектеп табалдырығын аттаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Ақтау қаласындағы орта білім беру мекемелеріне 4 500, Бейнеу ауданында - 1 675, Жаңаөзен қаласында - 3 570, Қарақия ауданы мектептерінде 960 және Маңғыстау ауданында 970 бала мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Мұнайлы ауданындағы мектептерге 3 450, Түпқараған ауданында 865 баланың ата-анасы өтініш білдірді», - деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Ботагөз Қазбекова.

Оның айтуынша, оқушылар оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдарымен 100 пайыз қамтамасыз етілетін болады.

2016-2017  оқу жылдарында мемлекеттік грант иеленушілер саны екі есеге артқан. Былтырғы оқу жылында грант иеленушілер саны  542 адамды құраса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 1 053-ке жеткен. 

Соңғы жаңалықтар