Маңғыстауда 193 миллион доллардан астам соманың 3 жобасы аяқталып келеді

АСТАНА.  Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат -  Қазақстан  Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған   Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы аясында Маңғыстау  облысында   193,4 миллион доллар соманың    үш жобасы аяқталып  келеді. 
None
None


Оған қоса,  жалпы құны  2635 миллион  АҚШ  доллардың  тағы бес  жобасы     жүзеге асырылуда.   Бұл туралы  «Маңғыстау  облысының    2009 жылдың І  жартыжылдығындағы  әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары  туралы»  баспасөз баянында  мәлім етілген.

 Облыс әкімдігінің  баспасөз қызметінен  хабарлағанындай,  облыс кәсіпорындарының мемлекеттік сатып алуларындағы  «қазақстандық үлесті» арттыру  мақсатында     өндірушілер мен   аймақтағы    әлеуетті тұтынушылардың  арасында  меморандумдар  жасалды.      Жалпы  сомасы 127 миллиард теңгені  құрайтын     барлық  меморандумдар   ағымдағы жылы  келісім-шарттармен  толық қамтылып отыр.

Соңғы жаңалықтар