Маңғыстауда 28 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өтпей қалды

«Мемлекеттік аттестаттауда жалпыға білім беру стандартының орындалысы қаралады. Оның ішінде, білім беру мазмұнына, оқу жүктемесіне қойылатын талаптар тексеріледі. Оқу жоспарының орындалысы және балалардың білім деңгейі бағамдалады, яғни 4, 9 және 11-сыныптардан бақылау тестісі алынады. Аттестацияланбаған мектептерде осы тестілеудің шектік деңгейінен өтпей қалған оқушылар болды. Екінші, оқу жоспарының орындалмай қалуы және материалдық-техникалық базасының толық емес болуына байланысты кемшіліктер болды», - деді Есболат Өмірзақ өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингіде.
Атап айтқанда, 21 мектеп, 31 балабақша мен 1 колледж мемлекеттік аттестаттауға қатысқан. 11 балабақша мен 16 мектеп екінші рет тексеруден өтуге мәжбүр болған. Балабақшаларды қайта аттестаттау жүргізіліп жатыр.