18:38, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Маңғыстауда 7 ірі медициналық ұйымның құрылысы жүріп жатыр
АҚТАУ. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/- Маңғыстауда 7 ірі медициналық ұйымның құрылысы жүріп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Маңғыстау облысында материалдық-техникалық ресурстарды дамыту және күрделі құрылыс мәселесі бойынша биыл облыстық бюджет қаражаты есебінен 100 төсектік облыстық онкологиялық диспансер, Бейнеу ауылының перзентханасы, Боранкөл ауылында бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы, ал, «100 аурухана» бағдарламасының шеңберінде облыстық қан орталығы, Шетпе кентінің 150 кереуеттік орталық аудандық ауруханасы сияқты 7 ірі медициналық ұйымның құрылысы жүріп жатыр.
Бұл туралы бүгінгі «2009 - Ана мен бала жылын» қорытындылаған жиында айтылды.