Маңғыстауда 9 жастағы баланы көлік қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында тоғыз жасар баланы көлік қағып кетіп, ауыр хәлде жансақтау бөліміне жеткізілді, деп жазады lada.kz.
None
None

Оқиға Дәулет кентінде «Батырбек» дүкеніне қарсы жолда болған. Онда «ГАЗ-531201» көлігінің 25 жастағы жүргізушісі жасөспірімді жолдан өтіп бара жатқан кезде жолаушылар өткелінен қағып кеткен.

Апат салдарынан баланың бас сүйегі зақымданған, миы шайқалған. Ол есінен танған күйде облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар