Маңғыстауда ақбөкен атқандар мемлекетке миллиард теңге залал келтірген

None
Фото: gov.kz
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстауда ақбөкендерді заңсыз атып келген қылмыстық топ ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмыс түрлеріне қарсы күрес іс-шараларын жүргізу аясында қылмыстық «кәсіптің» жолын кесуді жалғастыруда.

Осылайша, 2023 жылғы қаңтар айында ҰҚК прокуратура органдарымен бірге арнайы операция барысында киіктің мүйіздерін заңсыз өндіру және сату арнасын ұйымдастыруға қатысты адамдар тобын қылмыстары үстінде қолға түсірді.

Құнды тауардың ірі партиясын саудалау әрекеті кезінде Маңғыстау өңірінің қылмыстық әлеміне қатысы бар бұрын сотты болған екі адам ұсталды», - деп жазды ведомство.

Ондағы мәліметке қарағанда, мемлекетке 1 млрд теңгеден аса залал келтірілгенін және Қазақстандағы ақбөкендердің таралуына едәуір кері әсерін тигізгендерін дәлелдейтін айғақтар жинақталды.

Сотқа дейінгі тергеу аясында ҚР ҚК 339-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша заңға қайшы әрекеттің өзге де қатысушыларын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар
telegram