Маңғыстауда әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 500 млн теңге бөлінді
Бөлінген қаржы бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандырудың екі жолы бар. Біріншісі – «Айналым механизмі». Бұл тетік арқылы кәсіпкер төмен пайызбен несие алып, белгіленген бағада тауарды сата алады. Ал, екінші жолы – өңірлік тұрақтандыру қорын азық-түлік тауарларымен толықтыру.
«Қазіргі таңда «Айналым механизмі» бағдарламасы бойынша белгіленген бағамен сатуға 10 кәсіпкерлік субъектісіне 8 түрлі азық-түліктің 3816,2 тоннасын өндіруге немесе жеткізуге 683,5 млн теңгеге төмен пайызбен қарыз берілген. Алдағы уақытта осы жоба аясында келісімшарттарды ұлғайту көзделіп отыр. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының сауда үстемесін 15%-дан 10%-ға түсіру туралы 48 сауда объектісі бар 5 ірі сауда желісімен және 235 сауда объектісімен екіжақты келісімге қол қойылған. Баға өсімін тежеу мақсатында биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен көтерме жеткізушілердің 56 жәрмеңкесі ұйымдастырылды», - дейді Пікір Сансызбаев.
Айта кетсек, 2019-2022 жылдар аралығында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 4,9 млрд теңге қаражат бөлінген.