Маңғыстауда АӨК саласындағы бизнес-жобаларды субсидиялау сомасы он есеге артты (ФОТО)

Бұл қаражат жер бөлу инфрақұрылымын құруға - ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін 9 құдық салуға жұмсалды. 2015 жылы Маңғыстау облысында АӨК субъектілері қарыздарын сақтандыру және кепілдеу аясында субсидиялау үшін 10 есе артық - 206 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы 5 айда жалпы сомасы 12,9 млн. теңгеге 6 жоба мақұлданды.
«Шығын бөлігінің орнын толтыру үшін инвестициялық субсидиялауға өтінішпен жүгініп, мемлекеттік қолдау алдым. Құдық салуға 2 млн. 125 мың 571 теңге кетті. АӨК субъектісі ретінде шыққан шығынымның 80 пайызының орнын толтырды: 1 млн. 700 мың 456 теңге», - деп атап өтті «Жазира» ШҚ басшысы Ә. Сағымбаев.
13 бас ірі қара мал, жүздеген қой, 11 жылқы, 50 түйе өсіріп отырған фермер «Агробизнес-2020» мембағдарламасының жай-жапсарын, мемлекеттің шығыс бөлігінің орнын жабатынын білмегенін айтты ол.
«Бізде шағын кәсіпкерлікті дамытуда көп жұмыстар жасалуда. Кеңес алып, мемлекеттің қолдауына ие болғаныма қуаныштымын. Келесі аптада рұқсат құжаттарын алып, нарықтарда сүт, қымыз, шұбат, құрт және басқа да өнімдерді толтырып қоятынымызға сенімдімін». - деді ол.
«Өткен жылы өңірде құрғақшылық орын алды. Жауын-шашын жөнді жаумағандықтан жайылымда шөп бітік шықпады. Су тапшылығын жою үшін құдықтарды жөндедік. Тұтастай, кәсіпкерлерде шығын бөлігінің орын толтыру бойынша субсидиялау үшін мемлекеттік қолдау алуға қызығушылық артып келе жатқаны байқалады. Қаржы бар, тек кәсіпкерлер белсенді жұмыс істеп, мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланып қалуы қажет», - деп атап өтті облыстың КП агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің сарапшысы Ұлмекен Танбаева.