Маңғыстауда екі жасөспірім жол апатынан кейін жансақтау бөліміне түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жол-көлік апатына ұшыраған екі жасөспірім жансақтау бөліміне түскен. Көлікті 15 жастағы бозбала жүргізген, деп хабарлайды жол-патрульдік қызметке сілтеме жасаған Лада.кз.
None
None

Жол апаты Қарақия ауданының Жетібай ауылында орын алған. Toyota Camry көлігіне мінген 15 жасар бозбала оны басқара алмай, электр бағанасына соғылды.

Апат салдарынан жүргізушінің өзі зардап шеккен жоқ, бірақ оның жолаушылары ауыр жарақаттар алған.

Жетібай ауылының 16 жастағы тұрғыны бас миының соққысы, жабық бас-ми жарақаты, сол жақтағы гемипарезбен жарақаттану және 3-дәрежедегі геморрагиялық шок жағдайында Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

Екінші жолаушы, аталған ауылдың 16 жастағы тұрғыны осыған ұқсас жарақаттармен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Полицияда жол-көлік апатының барлық мән-жайларын анықтау үстінде. Алдын ала мәліметтер бойынша, 15 жастағы бозбала әкесінің рұқсатынсыз көлігін айдап әкетіп, оған достарын мінгізіп алған.

Соңғы жаңалықтар