Маңғыстауда эндоскопиялық операция жасалады

Дәрігерлер науқастың көңілін басқа жаққа бұрып, алаңдамауын ойлайды. Сондықтан, болар классикалық музыка ойнап тұр. Операцияға кірісетін құрам дайын. Осылайша, операция басталып та кетеді. Үстелде бедеуліктің зардабын тартқан әйел адам. Дәрігерлер оның жатыр жолдарын ашады. Операцияны екі әріптес, білікті хирургтер - Болат Ишанғали мен Нұрлан Жақиев жасады. Олар Ақтөбе медициналық академиясының түлектері. Әйелге ана болу бақытын сыйлап жүрген екі дәрігер әріптестерінің арасында сыйлы. Алтын қолды абзал жандар медицинаны меңгеріп, хирург мамандығын таңдағандарын мақтан тұтады.
Болат Ишанғали, эндоскопиялық және реконструктивті гинекология бөлімінің дәрігері: - Ешбір операция команданың көмегінсіз сәтті аяқталмайды. Ұзақ жылдар бір жерде жұмыс істеген дәрігерлер, медициналық қызметкерлер бір-біріне бауыр басып кетеді. Дәрігер өмір бойы білімін жетілдіруі тиіс. Ертеңгі күн бүгінгіден жақсы болатынына сеніп алға ұмтылуы керек.
Маңғыстаудағы перинаталды орталықтың эндоскопиялық және реконструктивті гинекология бөлімінде операция тәулік бойы жүреді. Бұл тіпті ана мен бала өмірі құтқарылатын конвейер іспетті. Операция жарты сағаттан бірнеше сағатқа созылады.
Нұрлан Жақиев, бөлім меңгерушісі: - Осындай операциялық бөлімдер саны 400 мыңға жуықтайды. Біз өз әріптестерімізбен араласып, қиын жағдайда кеңес аламыз. Бұл бір. Екіншіден, әлемде жасалатын осындай операцияларды көріп,қашықтан оқуға мүмкіндік бар. Жұмысымыз оңай деп айта алмаймын. Бірақ мен өз кәсібімді сүйемін. Мен дәрігермін.Адам жанына араша болу менің қасиетті парызым. Біз сөз етіп отырған екі хирург ана мен баланың өмірін сақтауда аянбай еңбек етіп келеді. Осыдан екі ай бұрын олар жаңа туған нәрестеге теңдессіз операция жасаған болатын.