Маңғыстауда кадрлық тағайындаулар болды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қаулысымен Айдос Хамиев Маңғыстау облысы құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ал, Бекмұрат Жүсіпов - облыс әкімінің орынбасары қызметіне келді.

Айдос Хамиев 1985 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласында туған. Жоғары білімді. 2006 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Орталық Азия университеті мен Ресей халық шаруашылығы және Ресей Федерациясы президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын іскерлік әкімшілік басқару магистрі мамандығы бойынша тәмамдады.

Алғашқы еңбек жолын 2005 жылы «Бисентин» ЖШС-інде құрылыс шебері болып бастады. Маңғыстау облысы мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау басқармасының бас маманы, кейіннен басшысы қызметтерін атқарды. Астана қаласының құрылыс және коммуналды тұрғын-үй шаруашылығы істері жөніндегі ҚР агенттігі департаментінің лицензиялау басқармасының басшысы. 2013-2015 жылдары Көкшетау қаласындағы ҚР-ының аймақтық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы.

2015 жылдан осы уақытқа дейін Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Бекмұрат Жүсіпов 1965 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Таушық ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 1989 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын «Автоматизациялау инженері» мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы Оксфорд қаласындағы Embassy CES Oxford-ты бітірді. 2015 жылы Алматы менеджмент университетін іскерлік әкімшілік басқару мамандығы бойынша бітірді.

1994-1995 жылдары Шетпе мұнай базасында оператор, 1995-1996 жылдары «Көгез» ШК-інде технолог болып қызметін атқарды. Маңғыстау облысы мәслихатының 4-інші, 5-інші және 6-ыншы шақырылымының хатшысы қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар
telegram