Маңғыстауда көктемде аң аулауға тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жануарлар әлемін қорғау және оның көбеюін қамтамасыз ету мақсатында Маңғыстауда 16 ақпан мен 14 маусым аралығына дейін аң аулауға тыйым салынған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясынан хабарланды, деп жазады tumba.kz.
None
None

«Аң аулау маусымы жыл сайын белгіленген нормаларға сай жүзеге асырылады. Аң аулау барысында экологиялық және жануарлар әлемін қорғау мен оның көбеюіне қатысты нормалар сақталуы керек. Жануарлардың өмір сүру ортасына зиян келмеуі керек және аңшылар тыйым салынған аңдарды ауламаулары тиіс. Өкінішке орай аңшылар бұл талаптарды ұдайы орындай бермейді. Соның салдарынан жануарлардың өмір сүру ортасы бұзылып, аңдардың популяциясы төмендейді»,-деді Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясы бөлімінің жетекшісі Т.Шапағатов.

Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының бұйрығымен ҚР 16 ақпан мен 14 маусым арлығында аң аулауға тыйым салынды.

Маңғыстау облыстық инспекция өкілдері аң аулаушылар мен балықшылардың ұйымдары көктемде аң аулауға салынған тыйымға түсіністікпен қарайды деген үмітте.


Соңғы жаңалықтар