Маңғыстауда ҚР Конституциясы күніне орай мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр

АҚТАУ. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін Маңғыстау облысында мерекелеудің іс-шаралар жоспары аясында қала және аудандарда мерекелік іс-шаралардың дайындық жұмыстары жүргізілді. 
None
None

Барлық қала, аудандарда салтанатты жиын, мерекелік концерттер, спорттық жарыстар ұйымдастырылуда.

Сонымен бірге әскери- теңіз институтына қабылданған 1 курс курсанттарының ант қабылдау рәсімі және БАҚ-тарда «Ел тірегі - Ата заң», «Тәуелсіздік тұғырлары» тақырыбында айдарлар ашылып Конституциялық реформаның маңызы туралы арнайы  мақалалар мен хабарлар беріліп жатыр.

Мереке қарсаңында облыс, қалалармен, аудандардың   көшелеріндегі үгіт-насихат құралдары тақырыпқа сай жаңғыртылып, безендірілді.

Облыстың барлық еңбек ұжымдарында және оқу орындарында, мәдени-сауық орталықтарында мерекелік мәдени-көпшілік шаралар өткізіледі.

Мемлекеттік рәміздер толықтай жаңа стандартқа сай ауыстырылып, ұлттық мұнай компаниялары, шетелдік компаниялар өкілдіктерінің кіре берісіндегі тутұғырларға Қазақстан Республикасының Туы ілініп, Мемлекеттік Туымыздың басқа тулардан биік тұруы қадағалануда.

Қала және аудандық кітапханаларда «Конституция кемел келешектің кепілі», «Ата Заңым - ардағым», «Ата заңым - айбарым», «Ата заң - Тәуелсіздік тірегі», «Қазақстан Республикасының Ата заңын білесің бе?» атты дөңгелек үстелдер, кездесулер өтпек.

Мереке қарсаңында облыстық әділет департаменті  Қазақстан Республикасының 16 жасқа толған азаматтарына төлқұжаттары мен Конституция мәтінін тапсыруды ұйымдастырып жатыр.

Тамыздың 30-ы күні сағат 10.00-де орталық алаңда Ту көтеру рәсімі, салтанатты жиын, әскери шеру, спорттық шаралар, сауда жәрмеңкесі, мерекелік концерт өтеді.

Салтанатты жиыннан соң Ақтау қаласындағы әскери гарнизонның сарбаздары, шекарашылар және ішкі істер департаментінің басқарма қызметкерлерінің қатысуымен әскери шеру өтеді.

Бұдан әрі байкерлер, этномәдени бірлестіктерінің басшылары, жастар, жоғары және орта кәсіптік білім беру мекемелерінің басшылары мен оқытушылары, өндірістік мекеме қызметкерлерінің қатысуымен  мерекелік шеру өтеді. Шерудің соңы алаңда құрылған сахнада мерекелік концертпен жалғасады.

Сонымен қатар орталық алаңда орналасқан Led-дисплейлерде және теледидар эфирлерінде Конституция күніне арналған Астана қаласындағы әскери шеру мен басқа да іс-шаралар көрсетіледі.

Жалпы Конституция күнін мерекелеу халықтар бірлігін нығайтуға, жастарды отансүйгіштікке баулуға, патриоттық тәрбие беруге, Конституция мазмұнын жетік білуге және оның нормаларын күнделікті өмірде қолдана білуге, құқықтық мәдениетті арттыру мен тәрбиелеуге бағытталатын болады.

Соңғы жаңалықтар