Маңғыстауда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед бастаған ақпараттық-насихат тобы жұмыс істеуде

АҚТАУ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - «Қазақстан-2050» стратегиясы» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед бастаған ақпараттық-насихат тобы Маңғыстауға келді.
None
None

Ақпараттық-насихат тобы өздерінің жұмыс сапарын Жаңаөзен қаласынан бастады. Олар жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесуге Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев қатысты.

Ақпараттық-насихат тобының құрамында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ішкі істер, мұнай және газ, индустрия және жаңа технологиялар, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның өкілдері бар.

«Жаңаөзен қаласының дамуына ірі қаражат бөлінуде. Тек биыл республикалық бюджеттен 48 млрд. теңге бөлу қарастырылуда», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Облыс әкімі Алик Айдарбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тұрғындардың белсенді қатысу мәселесін көтерді.

Сол күні үкіметтік ақпараттық-насихаттық топ Ақтауда Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрына барды.

Соңғы жаңалықтар