Маңғыстауда Құрбан айттың бірінші күні қоғамдық көліктер тегін қатынайды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында құрбан айт мерекесінің алғашқы күні, яғни 9 шілдеде қоғамдық көліктер тегін қатынайды. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда Құрбан айттың бірінші күні қоғамдық көліктер тегін қатынайды

Атап айтқанда, Ақтау қаласында №2, 3, 4, 4М, 5, 7, 8 бағыттарында жүретін автобустарда жолақы алмайды.

«Сонымен қатар, облыс орталығы мен Мұнайлы ауданы арасында қатынайтын №103, 104, 105, 106, 107 автобустары және «Ақтау-Қызылтөбе-2-Ақтау», «Ақтау-Батыр-Ақтау» бағыттарындағы қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды. Түпқараған ауданымен арадағы «Ақтау-Ақшұқыр-Ақтау», «Ақтау-Сайын Шапағатов-Ақтау» бағытындағы қоғамдық көліктер де осы жеңілдік ұсыну аясына кіреді», - деп мәлім етті басқармадан.

Айта кетсек, Ақтау қаласындағы қоғамдық көліктер Ораза айт күні де жолаушыларды тегін тасымалдаған еді.