Маңғыстауда «Пасифика Дрилинг энд Майнинг» ЖШС-ның 215 жұмысшысы қысқартуға ұшырады

АҚТАУ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Бүгін «Пасифика Дрилинг энд Майнинг» ЖШС-ның жұмыстан қысқарған 215 жұмысшысы өз наразылықтарын білдіру үшін Ақтау қаласындағы ескі алаңға жиналды.
None
None
Мекеме мұнайгаз өндірісінде мердігерлік негізде бұрғылау жұмыстарымен айналысып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгінгі таңда төрт жоба бойынша мердігерлік жұмыстар атқарып жатқан болатынбыз. Бірақ, тапсырыс беруші мекемелердің барлығы да бізбен келісім-шартын бұзғандықтан біз де жаппай қысқартуға баруға мәжбүрміз. Тапсырыс берушілердің қатарында «ТасболатОйл», «ҚарақұдықМұнай» сынды ірі компаниялар да бар. Соңғы келісімшарт қаңтардың 29-ы күні бұзылды. Соған сәйкес, бүгіннен бастап жаппай қысқарту жарияладық»,- дейді серіктестіктің аймақтық директоры Жетмұрат Шамаров.
Соңғы жаңалықтар