Маңғыстауда сайлау күні 39 нәресте дүние есігін ашты

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 20 қараша - кезектен тыс сайлау күні 39 бала дүниеге келді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда сайлау күні 39 нәресте дүние есігін ашты

«39 сәбидің 21-і ер бала, 18-і қыз. Оның ішінде ең төмен салмақтағы сәби - 2 520 грамм, ең ауыр салмақта туғаны 3 880 грамм болды. Ел үшін тарихи маңызды күні туған сәбилердің жағдайы жақсы, дәрігерлердің бақылауында» делінген баспасөз мәліметінде.

Айта кету керек, облыста сайлаудың алғашқы сағаттарында 16 нәресте дүниеге келген. Оның бесеуі - ұл және он бірінің қыз екенін жазған едік.

Жалпы, сайлау күні Қазақсан бойынша 634 бала өмірге келді.