Маңғыстауда туристік маусымды ұзарту мақсатында 20 шара өтеді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында туристік маусымды ұзарту үшін қазан, қараша айларына 20 шара жоспарланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Шаралардың алғашқысы Ақтау қаласында өтті.

«BalQaimaq food» фестиваліне 10 мыңнан аса адам қатысқан. Оған қаланың 20-дан астам үздік мейрамханасы кондитерлік өнімдерін ұсынды.

Қазан, қараша айында Маңғыстау облысында 20 іс-шара ұйымдастырғалы отыр. Оның ең алғашқысы «BalQaimaq food» фестивалі. Жазғы маусым аяқталса да, қыс түскенше қонақтар тек теңізді тамашалуға ғана емес, дәмді тағамдарымыздан ауыз тию үшін де келе алады, - деді «Rixos Aktau» және «TetysBlu» демалыс орнының басқарушы директоры Серік Исағалиев.

Қала тұрғындары үшін фестиваль өткізілген «TetysBlu» саябағына кіру тегін болды. Тақырыптық паркте 13 аттракцион ақысыз жұмыс жасап, балаларға арналған концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Шара барысында құрт, балқаймақ жәрмеңкесі де ұйымдастырылды.

Айта кетсек, алдағы апталарда Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін «Caspi Byke», «Teniz Music Fest», «Plogging Saura & Tamshaly», «Aktau Marathon» және «Dj Run Aktau» шарасы ұйымдастырылады.


Соңғы жаңалықтар