Маңғыстауда ұлттық паркте жыртқыш мысықтар мен қарақұлақ көзге түсті

Қорық аумағында жүргізілген рейд жұмыстарының барысында сирек кездесетін жабайы мысық - қарақал байқалған.
Облыстық аймақтық инспекция қарақалдың түркі тілінен «қарақұлақ» деп аударылатынын түсіндірді.
«Бұл - мысықтұқымдастарға жататын сүтқоректі жануар. Қарақалды ұзақ уақыт бойы өзі ұқсас сілеусіндерге жатқызды, алайда бірқатар генетикалық ерекшеліктеріне байланысты кейін жеке түр болып ажыратылған. Ол көбіне шөл даланы мекендейді. ТМД аумағында саны аз, Қызыл кітапқа енгізілген», - деп атап өтті мамандар.
Елімізде қарақал Каспий теңізінің жағалауында кездеседі.
Жануар көбіне түнде шығады, бірақ қыста және көктемде оны күндіз де кездестіруге болады. Маңғыстау облысының аумағында шамамен 300-400 қарақал бар.
Облыстық аумақтық инспекциядан түсіндіріп өткендей, екінші суретке мысықтұқымдастар ішінде кішкентай мысықтардың жабайы өкілі - дала мысығы түсіп қалған.
Бұл түр Қызыл кітапқа енгізілген жоқ.