Маңғыстауда жабайы үйректерді суға батырғандар табылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері Каспийде жабайы үйректерді суға батырған балықшылардың жеке басын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жастар Түпқараған аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
«Қазіргі уақытта тергеушілер олармен жұмыс істеп жатыр.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді (жануарларға қатыгездікпен қарау). Осы бапқа сәйкес 500 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзету жұмыстарына тарту қарастырылған», делінген хабарламада.
Бұған дейін Экология министрлігі Каспий теңізіндегі жабайы үйректерге қатысты жағдайды түсіндіргенін жазған болатынбыз.