Маңғыстауда жалдамалы жұмысшылар саны 11,8 пайызға артты

АҚТАУ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Облыстың орта және ірі кәсіпорындарында өткен жылдың желтоқсанында 120,9 мың адам жұмыс істеді.
None
None
Бұл 2007 жылдың сәйкес айына қарағанда 11,8 пайыз жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап. Жалдамалы жұмысшылардың 0,8 пайызы - ауыл шаруашылығында, 49,4 пайызы - өнеркәсіп пен құрылыста, 49,8 пайызы қызмет көрсету саласында жұмыс жасаған. 2008 жылдың желтоқсанында қызмет жасайтын жұмысшылар санының басым бөлігі 2007 жылдың сәйкес айына қарағанда қонақүй және мейрамханада 2,1 есеге өсті. Ал коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызмет көрсету кәсіпорындарында - 37,4 пайыз, құрылыста - 22,4 пайыз, қаржы саласында 17,7 пайыз артқаны байқалды.Өткен жылдың желтоқсан айының соңында облыстың ірі және орта кәсіпорындарында 1498 бос орын болды. Бос орындардың басым көпшілігі ? 436 орын мемлекеттік басқармаларда (олардың жалпы санының 29,1 пайызы), өнеркәсіп кәсіпорындарында ? 442 орын (29,5 пайыз) сақталып отыр. Жылжымайтын мүлікпен операция жасайтын кәсіпорындарда ? 243 бірлік (16,2 пайыз).
Соңғы жаңалықтар