13:14, 17 Шілде 2023 | GMT +5
Маңғыстауда жаппай төбелеске қатысқан 6 жігіт ұсталды
МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат – 15 шілде күні түнгі 03:30 шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы Тәжиев көшесінде төбелес болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері 24-25 жас аралығындағы 6 күдіктіні анықтап, ұстады.
Бұл оқиға Бейнеу аудандық сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 239-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Оқиғаның жай-жапсары айтылған жоқ.