11:23, 28 Маусым 2016 | GMT +5
Маңғыстауда жастар саясаты жөніндегі жұмыс тобы құрылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда тұңғыш рет облыстық жастар ресурстық орталығында жастар ұйымдары жетекшілері мен белсенділерінің үйлестіруші жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыс тобының алғашқы отырысында топ мүшелері облыс әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесінің осы жылғы алғашқы отырысының күн тәртібін жасақтау, жастарды толғандыратын өзекті мәселелер мен «Жасыл ел» еңбек жасағының атқарған жұмыстары туралы мәселелерді талқылады.
« Жұмыс тобының басты мақсаты - жастарды қоғамдық-саяси өмірге тарту, жас балалардың бастамаларын қолдау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту. Топтың жастармен тығыз қарым-қатынасының шеңберінде жастар саясатының басым бағыттары анықталатын болады», - деп атап өтті жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы Аманғали Нұрдәулетов.