Маңғыстауда Жеңістің 64 жылдығы кең ауқымда тойлануда

АҚТАУ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Бүгін Жеңістің 64 жылдық мерекесін облыстың қала, аудан, ауылдары жаппай тойлауда. Облыс орталығы Ақтау қаласында салтанатты шеруді тамашалауға орталық көшелер мен Астана алаңына халық көп жиналды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Салтанатты шеру жылдағыдай 7-ші шағын аудандағы «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында опат болған соғыс құрбандарын еске алумен басталды. Облыс әкімдігі өкілдері, соғыс ардагерлері бастаған шеруге қатысушылар және барша тұрғындар қаза тапқан ерлердің рухына тағзым етіп, бір минут үнсіз тұрып, оларды еске алды. Бұдан соң салтанатты шерудің келесі легінде облыстағы ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР Қарулы Күштері мен Теңіз флоты, ҚР Ішкі істер министрлігінің ішкі әскері сарбаздары жүріп өтті. Олар жұртшылық алдында әскери-жауынгерлік жаттығулар көрсетіп, әр түрлі әскери техника көліктері де шеруде сап түзеді. Мерекелік шеру соғыс жылдарындағы және әскери-патриоттық тақырыптағы әуендермен өріліп, қаланың өнер ұжымдарының концертімен жалғасты.
Соңғы жаңалықтар