Маңғыстауда жол апатынан Lexus автомобилінің жүргізушісі ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстауда болған жол апатынан Lexus автомобилінің жүргізушісі мерт болып, оның қасындағы жолаушы жарақаттанды.
None
None

Келеңсіз оқиға Жаңаөзен қаласындағы «Жұлдыз» және «Мерей» шаңынаудандарының арасындағы жолда орын алды. 31 жастағы Lexus GS 300 автомашинасының жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

Алған жарақат салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, ал оның қасындағы 27 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды lada.kz.

Соңғы жаңалықтар