Маңғыстауда жол-көлік апатынан жүкті әйел зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында болған жол-көлік апаты салдарынан жүктіліктің тоғызыншы айында болған әйел зардап шекті, деп хабарлайды құқық қорғау органдарына сілтемемен Лада.кз.
None
None

Полицияның мәліметтерінше, Opel Vectra көлігін жүргізіп келе жатқан 26 жастағы жігіт көктайғақта көлікті басқара алмай, Мұнайлы ауданының 18 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан осындай маркалы басқа көлікпен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жүргізушілер зардап шеккен жоқ, алайда екінші Opel Vectra көлігінде отырған 19 жастағы жүкті әйел жарақат алды. Жүктілігіне қауіп төніп тұрған ол дереу перинаталдық орталыққа жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар