Маңғыстауда жұмысшы 5-қабаттан құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстауда тағы бір жұмысшы өндірісте зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мәліметке сай, жоғары қабаттан құлап кеткен жұмысшы бірден Маңғыстау облыстық ауруxанасына жеткізілген.

Оқыс оқиға Қарақия ауданы Құрық ауылында орналасқан "Ерсай" компаниясының өндіріс аймағында болған. «DSL Caspian» ЖШС-нің қызметкері 5-қабаттан құлап кетті.

МО ІІД баспасөз қызметінің xабарлауынша, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 156-бабының 1-бөлігі бойынша (Еңбекті қорғау) іс қозғалып, Қарақия ауданының сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне енгізілген.

Айта кетейік, оқыс оқиға 27 мамырда болған. Зардап шегуші қазір облыстық ауруxанада ем алуда. Жағдайы ауыр. Науқасқа ота жасалған.

Соңғы жаңалықтар