Маңғыстаудағы кәсіпорында жұмысшы өртеніп кетті
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 15 маусым күні сағат 00:50-де Маңғыстау облысының Қарақиян ауданында, Жаңаөзен қаласынан 40 шақырым жерде, «ӨзенМұнайГаз» АҚ-да НГДУ-2 аумағындағы АПРС-40 көтергіш қондырғысы мен №49 топтық бөлімше өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 01:51-де сөндірілді. Оған 8 қызметкер, 2 техника Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтен 4 маман мен 14 техника тартылды.
Оқиға орнынан күйіп кеткен мәйіт табылған. Өрттің мән-жайы мен себебі анықталуда.