Маңғыстаудан 3 кандидат Сенат сайлауына қатысады

Олар: Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров, 1971 жылы туған. Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары.
Габбас Шанытбаевич Досатов, 1967 жылы туған. Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы.
Ирина Валерьяновна Беляева, 1973 жылы туған. «Идальго Актау» ЖШС бас директоры.
Жалпы Маңғыстау облысы бойынша барлығы 7 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 6 адам өзін өзі ұсынған.
Облыстық сайлау комиссиясы кандидаттың оған Конституциямен және осы Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу жөнінде тиісті сұрау салулар жолдаған. Нәтижесінде 6 кандидаттың сәйкестігі расталып, 1 кандидат қойылатын талаптарға сәйкес келмей, алынып тасталған. Тағы да 3 кандидат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 73-бабына сәйкес тіркеу үшін қажетті құжаттарды толық ұсынбауына байланысты тіркеуден бас тартылған.
Айта кетейік, сайлау күні барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірлескен мәжілісі өтеді. Содан соң дауыс беру басталмақ.