Маңғыстаулық 16 жас отбасына пәтер кілттері табысталды

АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында 29 жасқа дейінгі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз өскен 16 жас отбасы баспаналы болды, деп жазады 24.kz.
None
None

Жастайынан тағдыр тауқыметін тартқан жандарға жаңа қоныс айрықша сый болды. Форт-Шевченко қаласында пайдалануға берілген 8 пәтерлі 2 тұрғын үй «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасының 3-бағыты бойынша жүзеге асырылып отыр. Баспана құрылысына қазынадан 149 млн. теңге қаржы бөлінген.

«Жалпы аудан бойынша қамқорлықсыз қалған 39 бала бар. Бүгінгі таңда кәмелет жасына толған, үй алуға тиісті 16 баланың барлығы түгел қамтылды. Қалғандары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін бұл бағдарламаны әрі жалғастырамыз», - деді Түпқараған ауданының әкімі Темірбек Асауов.

Соңғы жаңалықтар