Маңғыстаулық оқушылар Қарағандыда өткен республикалық олимпиададан жүлделі оралды

Білімдерін сынға салған додаға еліміздің әр өңіріндегі мектептерден 561 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде, командалық есепте бірінші орыннан Астана, Алматы, Қостанай, Қарағанды өңірлерінің оқушылары көрінсе, екінші орынды Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының оқушылары еншіледі.
«Облыстық олимпиада қорытындысымен I, II орын алған оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Қарағанды және жаратылыстану-математика бағыты бойынша Ақтөбе қалаларында өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алған болатын. Қарағанды қаласында өткен республикалық олимпиадаға 29 оқушы қатысып, 9-ы күміс, 8-і қола медаль және 1-еуі төртінші орынды иеленді. Ал француз тілінен қатысқан бір қызымыз «Ең үздік шығарма» деген аталымды алды. Былтырғы олимпиадаға 20 оқушы қатысып, 10-ы жүлделі орыннан көрінген болатын», -дейді облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары Бақтылы Ахмет.