Маңғыстаулық шекарашылар теңізде жауынгерлік жаттығу өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстауда шекара қызметінің жауынгерлері теңізде жаттыңу өткізді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Маңғыстаулық шекарашылар теңізде жауынгерлік жаттығу өткізді

«Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен әскери құралымдарының жауынгерлік дайындығын арттыру туралы тапсырмасын орындау аясында Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті теңіз бөлімшелерінің күнделікті қызметті ұйымдастыруы және кемелер мен катерлерді ұрысқа және жорыққа дайындығын тексеру бойынша іс-шаралар жүргізуде» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, жауынгерлік тапсырмаларды орындау мақсатында шекара кемелерінің экипаждары бірлесіп жүзу оқу-жаттығуларын өткізіп, түнгі және күрделі гидрометеорологиялық жағдайларда теңіз және жағалау нысандарына артиллериядан оқ атты.

Жеке құрамның алдына қойылған міндеттер толық көлемде және сәтті орындалды.