Маңғыстаулық спортшылар Эстонияда Еуропа чемпионатында бес медаль иеленді

Екі күнге жалғасқан жарыстардың қорытындысы бойынша қазақстандықтар бес медальді, соның ішінде екі алтын жүлдені жеңіп алды. Осылайша, ерлер арасындағы жарыстарда алтын медальді ақтаулық атлет Берекет Нұрбаев қанжығасына байлаған.
Еуропа чемпионатының күміс жүлдегерлері болып Жаңаөзен спортшылары Бекзат Мансұр мен Бек Өмірзақ атанды. Спортшылар сәйкесінше 65 келіге және 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыстарға қатысты.
Жарыстың қола жүлдесін 55 келіден артық салмақ дәрежесінде шыққан Динара Алламұратова жеңіп алды. Өткен жылы спортшы күміс жүлде алған еді.
Жалпыкомнадалық есепте Қазақстан құрамасы 22 орынның 5-не тұрақтады.
Кекушинкай карате-до облыстық федерациясының президенті Мұхтар Жолдасовтың айтуынша, қазіргі кезде спортшылар шілде айында Алматыда өткізу белгіленген Қазақстан чемпионатына дайындалу үстінде. Бұл жарыстар қазан айында Ресейдің Хабаровск қаласында өткізу жоспарланып отырған әлем чемпионатына іріктеу болды.