10:32, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Маңғыстаулық тайбоксшылар ел біріншілігінен жүлделі оралды
АҚТАУ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Маңғыстаулық спортшылар Алматы қаласында тайбокстан жасөспірімдер арасында өткен ел біріншілігінен жүлделі оралды.

Жарыста олар үш 1-ші орын, бір 2-ші және екі 3-ші орындарды иеленіп қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Осы жарыста екі маңғыстаулық спортшыға спорт шеберіне кандидат атағы берілді. Қазір осы спорт түрінен ересектер арасында өтетін ел біріншілігіне дайындық жүруде. Бұған қоса, ақпан айының 2-сі мен 8-і аралығында еліміздің әр қаласында түрлі спорттық жарыстар өтуде. Атап айтқанда, маңғыстаулықтар Қарағандыда жеңіл атлетикадан өтетін ел біріншілігіне, Теміртау қаласында жасөсіпірімдер арасында өтетін дзюдодан Қазақстан біріншілігіне қатыспақ. Сондай-ақ 5-ші ақпанда Түркияның Ыстамбұл қаласында болатын балалар мен қыздар арасындағы еркін күрестен халықаралық турнирге барады.