Маңғыстаулықтар Әділбек Ниязымбетов пен Берік Әбдірахмановты жазғы Олимпиадалық ойындарға шығарып салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы Сүйіндік Алдашев Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы ХХХІ Олимпиада ойындарының қатысушылары Әділбек Ниязымбетовпен және Берік Әбдірахмановпен кездесті. Спортшылардың бапкері Марат Жәкиев те олармен бірге барады, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

- Біздің спортшыларымыз бен бапкерлеріміз Олимпиада ойындарына қатысу үшін көп тер төкті. Ұлттық құраманың құрамына кірудің өзі үлкен жетістік. Сіздердің Олимпиададан жеңіспен оралып, Қазақстан елінің абыройын асқақтатуға мол мүмкіндіктеріңіз бар. Сіздерді миллиондаған қазақстандықтар мен жерлестеріңіз қолдап, жанкүйер болады. Біз Сіздердің жеңісіңізге сенеміз! - деп атап өтті Сүйіндік Алдашев.
Маңғыстау облысы әкімінің м.а. Сүйіндік Алдашев 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушыларына сәттілік тілеп, боксшыларға Бекет ата мешіті бейнеленген бойтұмарды сыйға тартты.

Соңғы жаңалықтар