23:34, 13 Шілде 2016 | GMT +5
Маңғыстаулықтар боксшыларды Олимпиада ойындарына шығарып салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық жанкүйерлер боксшы Әділбек Ниязымбетов пен Берік Әбдірахмановты Олимпиада ойындарына шығарып салды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Жақында спортшылар Рио-де-Жанейроға аттанады. Олармен бірге жаттықтырушылары Марат Жақиев та барады. Салтанатты жиында былғары қолғап шеберлеріне бойтұмар сыйға тартты. Жиналғандар спортшыларға сәттілік тілеп, үлкен сенім артатындарын айтты. Берік үшін бұл - алғашқы Олимпиада, ал Әділбек - Лондон ойындарының күміс жүлдегері. Боксшы сол кезде жіберген қателіктерін жоюға бар күшін салып, техника мен жылдамдыққа баса мән беріп жатқанын айтты.
«Алдағы Олимпиада ойындарында жақсы жетістіктерге жетіп, тек Маңғыстаудың ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының сенімін ақтаймыз деген үміттемін», дейді Олимпиада ойындарының жүлдегері Әділбек Ниязымбетов.