16:34, 04 Мамыр 2009 | GMT +5
Маңызды идеологиялық міндеттің бірі Елбасы айқындаған доктринаның мәніне үңілу болып табылады - С. Дьяченко
АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Маңызды идеологиялық міндеттің бірі Елбасы айқындаған доктринаның мәніне үңілу болып табылады. Бүгін «Нұр Отан» ХДП идеологиялық активінің республикалық кеңесінде ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко осылай деді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі күні партияның жұмысын белсендіре түсудің қажеттіліктері туындап отыр. Өйткені қай кезде болмасын қоғамға, бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтардың санасына әсер ету партиялар арасындағы бәсекелестіктің өзекті алаңы болып табылады. Ал бүгінгідей жағдайда, жаһандық орталықтардың ақпараттық күресінен болатын әсерлер барған сайын күшейе түсуде. Осының барлығы «Нұр Отан» партиясы үшін, партияның бәсекеге қабілеттілігі мен саяси тиімді ұстанымын дәлелдеуінде айтарлықтай маңызға ие. Бұдан бөлек, партия алдында қандай да қиын кезең болмасын мемлекет тағдыры үшін жауапкершілік жүктеледі», деді С. Дьяченко. Оның айтуынша, партияның маңызды идеологиялық міндетінің бірі Елбасы Н. Назарбаевтың айқындап берген партиялық доктринасының мәнін терең түсіну болып табылады. «Мұндай доктринаны ең алдымен партия мүшелері ұлттық бірліктегі саяси философия ретінде танып, қазақстандық қоғамның келісім мен өзара түсіністігі үшін ғылыми, тарихи негізделіп жасалған механизм деп қабылдай білуі керек», деді С. Дьяченко.