Марапаттау рәсімінде «Африка аруы» паригінің лап етіп жанған сәтінің видеосы желіні шарлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Марапаттау рәсімінде «Африка аруы» Доркас Касинденің паригі лап етіп жанып кетті. Бұл туралы Нигерияның Daily Post басылымы жазды. Осы бір ыңғайсыз жағдайдың видеосы желіні шарлап жүр.
Нигерияның Калабар қаласында өткен сұлулық байқауында 24 жастағы Касинде Конго Демократиялық Республикасының атынан шыққан болатын.
Видеодан Касинденің паригіне пиротехникалық заттардың ұшқыны түсіп, артынан өртеніп кеткені көрінеді.
Бойжеткен оны байқамаған да. Абырой болғанда, салтанатты рәсімді жүргізуші жедел жетіп, өртті сөндіріп үлгерді. Аруды күйік шалған жоқ. Артынша салтанатты шара жалғасын тапты.