Марат Қарабаев жылу желілері тозған өңірлерді атады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылу маусымында 185 технологиялық ақау орын алды. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық дағдарыс орталығының дерегіне сәйкес, 2022-2023 жылдардағы жылу маусымы кезінде тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінде 185 технологиялық ақау орын алды. Бұл негізінен инженерлік-коммуникация желілерінің тозуына байланысты болды», - деді Марат Қарабаев.

Оның атап өтуінше, жергілікті атқарушы органдардың жедел деректеріне сәйкес 2022 жылдың қорытындысы бойынша жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 14 мың шақырымды құрады.

«Желілердің орташа тозуы – 54 пайыз. Бұл ретте, ең жоғары тозу Павлодар, Абай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында сақталып отыр», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар