12:14, 06 Қыркүйек 2021 | GMT +6
Марат Құсайынов ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.