Марат Сыздықов ҰҚШҰ тұрақты кеңесінің басшысы лауазымына тағайындалды

Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының тұрақты өкілі Марат Сыздықов ҰҚШҰ Тұрақты кеңесінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ҰҚШҰ Тұрақты кеңесінің отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform ұйымның ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Марат Сыздықов
Фото: gov.kz

- Ұйым төрағалығының Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасына өтуіне байланысты төрағалықты Қазақстанның ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілі Марат Зенікенұлы Сыздықов қабылдады», - делінген хабарламада.

Марат Сыздықов 1966 жылы 27 сәуірде Ақмола облысы Щучинск қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1984-1986 жылдары КСРО Қарулы Күштерінде қызмет еткен;

1991 жылы С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген;

2006 жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолы:

1991-1992 жылдары Целиноград қаласындағы №7 гимназияда тарих пәнінің мұғалімі;

1992-1998 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазіргі заман тарихы кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы;

1998-2000 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы;

2000-2002 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығының халықаралық үдерістерді талдау және болжау секторының меңгерушісі;

2002-2010 жылдары ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі;

2010-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары;

2014-2019 жылдары ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігінде кеңесші;

2019 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болып жұмыс істеді;

2022 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар